369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде мектеп асханаларының комбинаты құрылды

  • 194
  • UPD: 07:35, 04.09.2018
Ақтөбеде мектеп асханаларының комбинаты құрылды

Пилоттық жоба оқушыларды сапалы әрі пайдалы аспен қамтамасыз етуге бағытталған.

Әзірге бұл бастама қаладағы 5 мектепте қолға алынған. Оқу ордасындағы асханаларға жартылай дайын өнімдер жеткізіледі. Бұл жердегі аспаздар тазартылған азық-түлікті оқушыларға дайындап беріп отырады. Тағы бір жаңалығы, қолма-қол ақша төлеу үрдісінен бас тартқан. Яғни әрбір ата-ана бүлдіршіннің жеке карточкасына ғана қаражат құйып отыруы тиіс. Төлем карталары есік аузындағы турникеттермен де біріктірілген. Болашақта бұл карталармен қоғамдық көліктегі жол ақысын да төлеуге мүмкіндік туады.  

Айсұлу Жақсыбаева, қалалық білім бөлімінің жетекшісі:

- Бұл, ең біріншіден, баланың қауіпсіздігі. Сосын ата-анаға бақылау. Ата-ана біліп отырады. Бала сол күні тамақтанды ма, қандай мөлшерде тамақтанды. Берілген қаражат баланың қолында жүрмейді.

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында орақ науқаны кешеуілдеп тұр Атыраудағы колледжде шетелдік компаниялар да мамандарын оқыта алады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы