368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында егін орағы басталды

  • 200
  • UPD: 09:16, 04.09.2018
Ақмола облысында егін орағы басталды

Жиын-терім әсіресе аймақтың оңтүстік аудандарында қыза түскен.

Мәселен, қазірдің өзінде Жарқайың және Есіл аудандарының диқандары егістік алқаптарының 9 пайызын орып алған. Ал облыс бойынша бүгінде 140 мың тонна астық жиналыпты. Өнімділігі орта есеппен гектарына 10 центнерге жуықтайды. Өңірде егін орағына 8 жарым мыңнан астам комбайн жұмылдырылған. «Жанармай да жетеді», – дейді сала мамандары. Себебі, Үкіметтен 70 мың тонна жеңілдетілген бағада сұйық отын бөлініпті. Қазір ол шаруаларға жеткізіліп жатыр. Жалпы, биыл Ақмола облысының шаруалары жылдағыдай 4,7 млн гектар жерге дән сіңірген болатын. Бәрі жақсы болса, аймақ диқандары бас-аяғы 5 млн тоннадан астам астық жинаудан үмітті.

Димаш Таласбаев, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Ауа райы жақсы болып тұрса, жақында күніне 160-170 мың гектар жерді оратын боламыз. Әзірге Аршалы, Қорғалжын, Зеренді, Сандықтау және Біржансал аудандары жауын-шашынның салдарынан егін орағына толық кірісе алмай отыр. Егер күн бүгінгідей ашық болса, олар ертең немесе арғыкүні жаппай орақ салатын болады.

Осы категория бойынша: « Елімізде астық жинау жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғасуы мүмкін Көкшетауда пәтерді ойынханаға айналдырған азамат ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы