374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасы екі есеге арзандады

  • 554
  • UPD: 10:31, 04.09.2018
Шымкентте «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасы екі есеге арзандады elorda.info

Шымкент өз халқы үшін «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасын екі есеге арзандатты.

Шымкент қаласының жас отбасылары мен бюджеттік сала қызметкерлері баспана бағасының 10%-ын алғашқы жарна ретінде төлеп, «7-20-25» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды.

Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Елорда Инфо хабарлайды.

Тиісті меморандумға «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қол қойды.

Екіжақты келісім бойынша азаматтардың аталмыш санатына Шымкент қаласының әкімдігі ұзақмерзімді жеңілдетілген несие беру арқылы алғашқы жарнаның жартысын төлеп бермек. Осы мақсатта биылғы жылы бөлінген қаржы 500 млн теңгені құрайды. Жалпы алдағы 2 жылдың көлемінде, Шымкент әкімдігі өз тұрғындары үшін «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасын төмендетуге 2 млрд теңге жұмсамақ. Осы арқылы әкімдік шамамен 2 мың жас отбасы мен бюджеттік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдаумен қамтуды жоспарлап отыр.

«Шымкент «7-20-25» бағдарламасына қатысып жатқан тұрғындарына жергілікті әкімдіктер қолдау көрсететін бірлескен жобаны іске асыратын тұңғыш өңір атанып отыр. Өз кезегінде осы игі бастаманы біз басқа да өңірлермен бірлесіп, жүзеге асыруға дайынбыз», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалада «7-20-25» бағдарламасы бойынша 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынатынын хабарлады. Бұл – 8 333 пәтер.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының тұрғындары ЦентрКредит, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK мен Еуразиялық банк арқылы ипотекалық несие ала алады.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысында мал ұрлағандар ұсталды Елімізде бір дәрігерге 2000-ға жуық адам қаралады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы