374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жасөспірімнің өліміне қатысты сот талқылауы басталды

  • 173
  • UPD: 15:45, 04.09.2018

Ақтөбеде пышақ жарақатынан көз жұмған жасөспірімге қатысты басты сот талқылауы өтті.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың маусым айында мектеп түлегі Азат Дүсіповті өз қатарласы Бекназ Кеңшілік бірнеше жерден пышақтаған еді. Ауыр жарақат алған Дүсіпов облыстық балалар клиникалық ауруханасында көз жұмды. Биылғы жылдың «Алтын белгі» иегері Кеңшілікке Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылды. Аса ауыр қылмыс жасалғандықтан, процесcуалдық келісім болмады. Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, Дүсіпов пен Кеңшіліктің арасында біраздан бері өшпенділік болған. Соңы адам өлімімен аяқталды. Бұған дейінгі сот тыңдауы кезінде сотталушы жасөспірім алқа билердің қатысуына қарсы болды. Сотта оның анасы қорғаушы, ал әкесі заңды өкілі болып белгіленді. Бүгінгі басты сот талқылуы кезінде сотталушы жәбірленуші жақтан кешірім сұрап, өз ісіне өкінетінін айтты. Сот процесі жалғасып жатыр.

Азамат Байболатов, мемлекеттік айыптаушы:

- Үстіне киілген спорттық күртешесінің қалтасынан өзімен бірге алып жүрген жиналмалы пышақты алып шығып, кәмілетке толмаған Дүсіповке қарай бағыттап, қаруланған адамға ешқандай қарсылық көрсетуге мүмкіндігі жоқ, өзіне қарсы тұрған Дүсіповтің денесіне бірнеше рет соққы жасаған. 2018 жылғы сот-медициналық сараптамаға сәйкес, ауыр зиян келтірген.

Осы категория бойынша: « ҚР ДСМ: Елімізде жыл басынан бері 40 ана өлімі тіркелді Әулиеаталық мүсінші тасқа «жан бітірген» »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы