365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық оператор озық технологияларды өндірісте белсенді қолдануға көшті

  • 149
  • UPD: 17:27, 04.09.2018

Цифрлық-инновациялық технологиялар өміріміздің бар саласына ене бастады.

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» компаниясы да «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында озық технологияларды өндірісте белсенді қолдануға көшті. Елді мекендерді газдандыру барысында электронды маркерлер мен телеметрия модульдері бар есептегіш құралдар – газ саласына тың серпін әкеліп отыр.

Цифрлық-инновациялық технологиялар өміріміздің бар саласына ене бастады. Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» компаниясы да «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында озық технологияларды өндірісте белсенді қолдануға көшті. Елді мекендерді газдандыру барысында электронды маркерлер мен телеметрия модульдері бар есептегіш құралдар – газ саласына тың серпін әкеліп отыр.

Еліміз бойынша газ құбырларын электронды маркерлеу алғаш рет Тараз қаласын газдандыру барысында қолданылды. Жер астындағы күрделі коммуникацияларды айнадағыдай көрсетіп тұратын құрылғы өз тиімділігін дәлелдеді. Бұл жұмыстар енді Талдықорғанда жалғасын тауып жатыр. Цифрлық инновацияның жетістігі болып саналатын электронды маркерлер жерге газ құбырымен бірге көміледі.

Жайық Әлішев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры:

-Газ саласында жаңа технологиялар қолданылып жатыр. Соның ішінде ең маңыздысы электронды маркерлер. Ол маркерлер арқылы газ құбырының қай жерде, қандай тереңдікте жатқанын біле аламыз.

Ол өз кезегінде басқа да коммуналдық кәсіпорындардың жұмысын жеңілдетіп, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Оның көмегімен құбырдың орналасу орны ғана емес, оның диаметрі, түйісетін тұстары, тіпті оны салған мердігер туралы да мәлімет алуға болады. Ондағы мәліметтер локатор құрылғысы арқылы экранға шығып тұрады. Сонымен қатар абоненттерге телеметрия модульдері бар газ есептегіш құралдар тегін орнатылуда. Сол арқылы абонент тұтынған газдың көрсеткішін оның мекенжайына бармай-ақ орталық кеңседен онлайн түрде алып отыруға болады. 

Тагир Аблиев, қала тұрғыны:

-Газ кіргізгеніме он шақты күн болды. Тұрғындар үшін үйлерін көгілдір отынмен жылыту көмірге қарағанда 30%-ға арзанырақ болады. Отын жарып, көмір тасып, күл шығармайсың. Үйің тап-таза тұрады. Оның үстіне газдың көрсеткішін сұрап, ешкім әурелемейді. Бұл салаға заман талабына сай жаңа технологиялардың келіп жатқанына қуаныштымыз.

Талдықорған қаласы бойынша бүгінде мыңға тарта абонент көгілдір отынның қызығын көріп отыр. Жыл соңына дейін тағы осыншама үйге табиғи газ кіреді. Облыс орталығын газдандыру жұмыстары 2019 жылы толығымен аяқталуы тиіс, - дейді «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының Жетісу өндірістік филиалының басшылары.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Осы категория бойынша: « Астанада ана өлімі болған перзентхананың бас дәрігері қызметінен босатылды Атырау облысында сотталғандарға жазасын жеңілдету мүмкіндігі беріледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы