369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында сотталғандарға жазасын жеңілдету мүмкіндігі беріледі

  • 270
  • UPD: 18:00, 04.09.2018

Шілде айының соңынан бастап мемлекеттің қылмыстық саясатын ізгілендіруге бағытталған заңнамаларға өзгерістер енгізілді.

Осыған байланысты зорлық-зомбылық және өзге де қылмыстары үшін сотталған адамдардың жаза мерзімін қысқартуға немесе жаза өтеу жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік берілді. Дегенмен сотталған жандардың көпшілігі заңнамада көрсетілген жеңілдіктерді жіті түсіне бермейтіндіктен, прокурорлар көмекке келді. Мәселен, Атырау облысы бойынша бір айда 71 өтініш түскен. Оның ішінде бас бостандығынан айыру жазасын шартты мерзімге ауыстыруды өтінгендердің саны 59 адамды құрап отыр. 

Руслан Әйтімов, облыстық прокуратураның басқарма басшысы:

– Бұл заңның шығар кезінде көптеген өтініш, арыз-шағымдар түсті. Сотталғандар өздерінің құқықтарын пайдалана білмейді, осы себептен толықтай түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта ерлер және әйелдер колониясында да ізгілендіру жұмыстары жүргізіліп, олардың құқықтары мен міндеттері толықтай түсіндірілді.

Осы категория бойынша: « Ұлттық оператор озық технологияларды өндірісте белсенді қолдануға көшті Қисайған қазандық құбыры құлап тынды. Кім жауапты? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы