374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртаудағы жаппай улану оқиғасына кім кінәлі?

  • 180
  • UPD: 20:13, 04.09.2018
<span class=favorites>Теміртаудағы жаппай улану оқиғасына кім кінәлі?</span>

Теміртауда уланған 18 адам ішек инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

Бұл туралы облыстың санитар-дәрігерлері мәлімдеді. Осыдан бір ай бұрын шаһардағы мейрамханалардың бірінде той өтіп, оған келген қонақтардың біразы тамақтан кейін ауруханаға түседі. Кейін белгілі болғандай, даяшының ағзасынан сальмонелла таяқшалары табылған. Қазір ол да тиісті емін алып жатыр. Тексеріс барысында мейрамхананың үш бірдей жұмыскерінде санитарлық кітапша болмай шығыпты. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Ақтөбеде пышақ жарақатынан көз жұмған жасөспірімге қатысты сот талқылауы өтті

Осы жылдың маусым айында мектеп түлегі Азат Дүсіповты құрдасы Бекназ Кеңшілік бірнеше жерден пышақтаған еді. Ауыр жарақат алған Дүсіпов облыстық балалар клиникалық ауруханасында көз жұмды. Биылғы «Алтын белгі» иегері Кеңшілікке қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылды. Басты сот талқылауы кезінде сотталушы жәбірленуші жақтан кешірім сұрап, өз ісіне өкінетінін айтты. Сот процесі жалғасып жатыр.

 

Түркістан облысында татуластыру орталығы ашылды

Түркістан облыстық кәсіподақтар ұйымында татуластыру орталығы ашылды. Бұл – соттың жұмысын жеңілдетіп, ренжіскендерді ретін тауып, татуластыратын жоба. Жаңа орталық – медиатордың, адвокаттың, сот атқарушысының және нотариустың, тіпті психологтың қызметін бір арнаға тоғыстырған бірыңғай алаң. Орталық елімізде медиация туралы заңның үстемдігін арттыру мақсатында ашылды.

 

Павлодардағы кардиологиялық орталық цифрлық жүйеге көшті

Павлодардың кардиологиялық орталығы толық цифрлы жүйеге көшті. Қызметкерлердің бәрі ғаламтор желісіне қосылған жеке компьютермен қамтамасыз етілді. Енді науқас туралы мәліметтер ортақ базаға жинақталады. Жиырма бес жыл бойы сақталуы тиіс сырқат туралы құжаттар электронды дискілерде немесе компьютерде сақталады. Биылғы жылдың тағы бір жаңашылдығы, ақылды браслеттер болып отыр. Олар науқастың жанында тұратын мониторды алмастырады. Мамандар науқас ағзасындағы ауытқушылықты осы браслет арқылы байқап отырады. 

Осы категория бойынша: « Еліміз 2021 жылға қарай толығымен цифрлық хабар таратуға көшеді Семейлік оқушылар сабақтарын спортзалда оқуға мәжбүр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы