370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде бизнес пен инвестицияны жемқорлықтан қорғау бақылауға алынды

  • 152
  • UPD: 22:09, 04.09.2018

Енді елімізде кәсіп ашқысы келген инвесторлар көлденең көк аттыға жем болмайды.

Өйткені бизнес пен инвестицияны жемқорлықтан қорғауды билік қолға алды. Бүгіннің өзінде «Protecting Business and Investments» кеңселері еліміздің барлық өңірлерінде ашылған. Қазірдің өзінде құны 5 трлн теңгеден асатын 126 жобаны өз бақылауына алды. Ашылған күннен бері 90-нан астам компанияның жұмысына көмек берді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабирбаев мәлімдеді. Айтуынша, жаңа жүйе инвесторларды жемқорлықтан біржола бас тартуға және жүз пайыз қорғауға кепілдік береді.

Данияр Сабирбаев, МҚІСЖҚА, Жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры:

– Бұрын туындаған мәселені шешу үшін ақша бермесе, тексерушілер инвесторға негізсіз немесе ірі көлемде айыппұл жазамын деп қысым көрсетуі мүмкін еді. Яғни олар оны жемқорлыққа апаратын амалды ойластырып, үнемі аяқтан шалады. Енді барлық мәселе бойынша кеңсе мамандарымен кеңесіп, әрекет етуіне болады. Ол үшін қандай да бір төлем алынбайды.

Брифинг барысында соңғы екі аптада тіркелген жемқорлық фактілер туралы да айтылды. Солардың бірі Солтүстік Қазақстан облысында болды. Қызметке қаңтарда ғана тағайындалған Мамлют ауданының әкімі 1 қыркүйекте 1 миллион теңге пара алғаны үшін ұсталды.

Нұрлан Жахин, МҚІСЖҚА ресми өкілі:

– Әкім жалпы қамқорлығы үшін ЖШС директорынан 185 мың Ресей рублі сомадағы ақша қаражаттарын пара ретінде алған болатын. Ол теңгеге аударғанда, 1 миллион теңгені құрайды. Ол кінәсін ұсталған уақытта толық мойындады. Сондықтан да ол қамауға алынған жоқ. Қазіргі уақытта пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта қылмыстық процесуалдық кодекс бойынша бізде гуманизация жүргізіліп жатыр. Қоғамға оның келетін зияны болмаса, оны ұстау қажет емес.

Осы категория бойынша: « ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу пунктінде болды Музыка тыңдауға әуес жүргіншілердің өмірін сақтауға арналған мобильді қосымша ойлап табылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы