365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында екі басқарманың басшылары ауысты

  • 177
  • UPD: 10:50, 05.09.2018
Қостанай облысында екі басқарманың басшылары ауысты NewTimes.kz

Қостанай облысы әкімінің өкімдерімен екі басқарманың басшылары ауысты.

Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Облыс әкімінің өкімімен Құсайын Амангелдіұлы Кәткенов Қостанай облысы Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Құсайын Кәткенов 1962 жылдың 25 сәуірінде Амангелді ауданының Амангелді ауылында туған. Мамандығы - тарих және құқық пәндерінің мұғалімі.

Бұған дейін ол ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменті басшысы лауазымын атқарды.

Сондай-ақ бірнеше жыл Астана қаласында, Қарағанды облыстық білім басқармасында жұмыс істеген. Сондай-ақ, Қостанай облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы міндетін атқарып келген Марат Кенжебекұлы Жұрқабаев Қостанай облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Марат Жұрқабаев 1976 жылы 10 қыркүйекте бұрынғы Семиозер ауданында туған. Мамандығы - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, есеп және аудит бакалавры. 2013-2014 жылдары Лисаков қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Бұған қоса облыстың бірнеше ауданында спорт бөлімдерінде жұмыс істеді.

Осы категория бойынша: « Еліміздегі қазандықтардың 90 пайызы жылу маусымына дайын Ақтөбеде жылу құбырлары мен қазандықтар халықаралық банктен алған қарызға жаңартылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы