367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәрігерге қаралған өскемендік азаматқа «жүкті» деген қорытынды берілген

  • 236
  • UPD: 15:47, 05.09.2018

Дәрігерге қаралған азаматқа «жүкті» деген медициналық қорытынды берілді. Өскеменде осындай таңқаларлық жағдай болды.

Оқиға қаладағы жекеменшік ауруханалардың бірінде тіркелген. Бұдан бұрын науқас белі ауырып, бүйірі шаншып жүргенін айтып арнайы маман алдына барған екен. Алайда дәрігер жазып берген диагнозды оқығанда не күлерін не жыларын білмепті. Онда оның іші жүктілік мерзіміне сай өскендігі жазылыпты.Медициналық мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, олқылыққа компьютерлік бағдарламадағы ақау себеп болған. Адами фактор да жоққа шығарылмады. Қазір нефрОлог берген тұжырымдамадан не себепті қате жіберілгені тексеріліп жатыр.

Александр Киреев, аурухана директорының орынбасары:

- Науқас біз қолданатын шараға келісіп тұр.Яғни біз  дәрігерлер жиналып нефролог берген анықтаманы жан-жақты зерттейміз. Осыдан соң егер ол тек механикалық себептен жіберілген қате болса, жедел кеңесте талқылаймыз.Ал салғырттық үшін әрине ескерту жасалады.

Осы категория бойынша: « Қызылорда облысы Қармақшы ауданында күріш орағы басталды «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» пойыздары 140 бекетке аялдайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы