365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» пойыздары 140 бекетке аялдайды

  • 202
  • UPD: 15:16, 05.09.2018
«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» пойыздары 140 бекетке аялдайды

Терапевт, педиатр, хирург сияқты білікті дәрігерлер және соңғы үлгідегі диагностикалық жабдықтармен қамтылған медициналық пойыздар шалғай елді мекендерді аралай бастады.

Биыл «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» пойыздары барлығы 140 бекетте аялдайды. Мамандардың айтуынша, вагондарда толық медициналық тексерістен басқа, амбулаториялық операция жасау мүмкіндігі де бар.  Үш ай ішінде алыс аймақтағы ағайын дәрігерлермен кеңесіп, тиісті ем шараларын ала алады.

Еске салсақ, еліміздегі «Медициналық пойыздар» жобасы 2010 жылдан бері жүзеге асып келеді. Осы уақыт аралығында 1 мың 326 бекеттен 380 мыңға жуық адамға көмек көрсетілген.

Осы категория бойынша: « Дәрігерге қаралған өскемендік азаматқа «жүкті» деген қорытынды берілген Астанада Жібек жолы дамуына арналған дөңгелек үстел өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы