374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

  • 476
  • UPD: 17:37, 05.09.2018

Төрәлі, Фатима мен Зәуре. Түркістан облысында алғашқы үшем дүниеге келді.

Келес ауданы Бірлік ауылының тұрғыны Аяжан Төленді 23 жасында үш егіздің анасы атанды. Аяжанның осыған дейін де үш ұлы бар. Енді ол алты балалы ана атанып отыр. №1 облыстық перинаталды орталық дәрігерлерінің айтуынша, екі келі салмақпен туған нәрестелердің жағдайы жақсы. Нәрестелер әзірге ақхалаттылардың бақылауында. Жақын күндері перзентханадан шығарылады деп күтілуде.

Аяжан Төленді, үшемнің анасы:

- УЗИ-ге 12 апта болып барған кезімде үшем екенін айтты. Таң қалдым. Олардың есімдерін Төрәлі, Фатима, Зәуре деп қойдық. Қазіргі таңда олардың жағдайы жақсы, қалыпты. Өзіммен бірге. Күнделікті барлық жағдайыма дәрігерлер көмектесіп отыр.

Гүлнәр Нұрмұхамедова, №1 облыстық перинаталды орталықтың бөлім меңгерушісі:

- Кесер тілігімен туған. Балдардың жалпы жағдайы қалыпты. Қазір балалар анасының сүтін емеді. Анасын үйретіп жатырмыз қалай балаға қарау керек, не істеу керек екенін.

Осы категория бойынша: « Астанада Жібек жолы дамуына арналған дөңгелек үстел өтеді Ақтауда қас қарая ата-ана қарауынсыз жүрген 72 бала ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы