367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда қас қарая ата-ана қарауынсыз жүрген 72 бала ұсталды

  • 260
  • UPD: 16:34, 05.09.2018
Ақтауда қас қарая ата-ана қарауынсыз жүрген 72 бала ұсталды

Оқу жылы енді басталғанына қарамастан, кеш бата дала кезетін балалар көп кездесетін болды.

Ақтауда 5 күн ішінде қас қарая ата-анасының қарауынсыз жүрген 72 бала ұсталды. Жүгенсіз кеткен жеткіншектер жергілікті полиция қызметкерлері жүргізген арнайы рейд барысында қолға түсті. Жасөспірімдердің көбі ойын-сауық орындарында және компьютерлік клубтардан табылған. Ел заңына сәйкес, 18-ге толмаған бала түнгі 11-ден кейін көшеде жалғыз жүрмеуі тиіс. Осы ретте рейд кезінде ұсталған балалардың ата-аналарына айыппұл салынды. Жасөспірімдерді ішке кіргізген клуб иелері де әкімшілік жазаға тартылып, іс сотқа жолданды.

Баймұрат Көшеров, қалалық ІІБ ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы:

- Қала бойынша қазір 86 жасөспірім есепке алынып, олармен кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлар профилактикалық жұмыстар жүргізіп, әрқайсысының тұрғылықты мекенжайы бойынша айына бір реттен тексеріп тұрады.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысында үшем дүниеге келді Ақтөбеде лифттегі адам өліміне қатысты сот талқылауы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы