374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығы: Жансейіт Түймебаев «Құрмет» орденімен марапатталды

  • 320
  • UPD: 17:35, 05.09.2018

Қазір Түркістанда ТҮРКСОЙ ұйымының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтіп жатыр.

Халықаралық ұйымның атаулы күнге арналған жиынына алыс-жақын шетелден келген меймандар қатысуда.

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының 25 жылдығына арналған мерекелік шара суретшілердің көрмесімен басталды. Одан кейін жиынға қатысушыларға халықаралық ұйым жайлы арнайы бейнефильм көрсетілді.

Бұдан өзге жазушылар мен аудармашылардың конгресі және түркітілдес халықтардың дәстүрлі опералық фестивалі өтеді. Осының бәрі мәдениет пен өнер саласындағы тәжірибе алмауға ықпал етеді. Түркі халықтары жаһандану заманында алпауыт елдерге жұтылып кетпей, ұлттық кодын, өзіндік ерекшеліктерін, мәдениеті мен руханиятты сақтап қалу үшін өзара ынтымақтастықты нығайтып, бірлігін бекемдей түсуі керек.

Түркі әлемінің кемеңгер көшбасшысы атанған Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «ТҮРКСОЙ түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуы тиіс» деген болатын.

ТҮРКСОЙ ұйымы 2012 жылдан бері түркі әлемінің мәдени астаналарын таңдау жобасын жүзеге асырып келеді. Мәселен, өткен жылы «Түркістан шаһары – түркі әлемінің мәдени астанасы» атанды. Ұйым алдағы уақытта да түркі халықтарының арасындағы туыстық байланыстарды одан әрі тереңдете түспек. Сонымен қатар түркі мәдениет қайраткерлерінің әлемдік деңгейдегі шығармаларын жүзеге асыруға да үлес қосты.

Салтанатты шара барысында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар Түркістан облысының әкімдігі мен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылды.

Авторы: Жандос Жұмабек

Осы категория бойынша: « Семейде шағынаудан тұрғындары ауызсу мен жарықсыз отыр Шымкент қаласы Түркістанның құрылысына атсалысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы