374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық медицина сапасына депутаттардың көңілі толады ма?

  • 179
  • UPD: 20:07, 05.09.2018

Отандық медицинаның сапасы қандай?

Бүгінде осы мәселе төңірегінде сауал көп. Ең алдымен халық денсаулық мекемелерінде қызмет көрсету деңгейінің жақсарғанын қалайды. Сала мамандары болса тұрғындардың жылына бір рет тексеруден өтіп, өз денсаулығына мұқият болу қажеттігін айтады. Ал кей жерлестеріміздің бірқатары басы ауырып, балтыры сыздай қалса, шетел асып дәрігер іздеп кететіні бар. Денсаулық сақтау саласындағы ахуал жайында депутаттар не дейді? Олар өзін кімге сеніп тапсырады? Тыңдайық.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әрине, наразылық көп. Кез келген кезде суық тиіп, шетелге бара алмайсың ғой. Өзіміздің дәрігерлерге барамыз. Бірақ мен өзім білетін, бұрыннан танитын, скнетін дәрігерлерге ғана бара аламын.

Бейбіт Мамраев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Көңілім толады немесе толмайды деп айту қиын. Ол әр адамның жеке пікірі. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы деңгейде деп айта аламын. Сол саланы дамытатын механизмдер әлі өз күшіне жетпей жатыр. Кәсіби мамандықты күшейту керек.

Осы категория бойынша: « Емханада кезек күтіп шаршаған талдықорғандықтар әкімдікке шағымданды Кореялық инвесторлар Қазақстанда клиника салады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы