365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кореялық инвесторлар Қазақстанда клиника салады

  • 254
  • UPD: 19:12, 05.09.2018
Кореялық инвесторлар Қазақстанда клиника салады

Дертіне дауа іздеп шетел жағалаған жерлестеріміздің Қазақстанда ем алуына не кедергі?

Бұл мәселе Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен семинарда кеңінен талқыланды. Халықаралық форумға Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен Кореяның маңдайалды  клиникаларының дәрігерлері қатысты. Кейбір деректерге қарағанда, қазақстандықтар шет елден ем алу үшін жылына 1 миллиард доллар көлемінде қаржы жұмсайды. Науқастардың көбі дәл осы Оңтүстік Корея мен Түркия елдерін таңдаса керек-ті. Отандық мамандар бізде де медицина саласының инфрақұрылымын жаңғырту қолға алынғанын айтып отыр. Осы мақсатта инвестиция тарту масәлесі жіті назарға алынған. Сондай-ақ медицинасы озық өркениетті елдердің тәжірибесі игеріліп, менеджментті дамытуға басымдық берілген. Түйіні тарқамаған мәселелердің бүге-шүгесі қараша айында Қазақстанда өтетін халықаралық форумда талқыланбақ.

Нұрбол Күзембаев, ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының орынбасары:

- Кореялық дәрігерлердің Қазақстанда жұмыс істеуіне рұқсат ететін құжаттарды рәсімдеу жағынан біршама қиындық бар. Бірақ министрлік білікті дәрігерлердің елімізде еңбек етуіне бөгет болатын кедергілерді азайту мақсатында тиісті шаруаларды атқарып жатыр.

Серік Мамытов, МЖӘ орталығының сарапшысы:

- Денсаулық сақтау саласына қатысты бірнеше жоба таныстырылды. Солардың бірі – Қарағандыдағы 300 адамға арналған көпсалалы аурухананың құрылысы мен пайдалануға берілуі. Бұл ретте Қызылордадағы check-up орталықта жан-жақты пысықталды. Осы check-up орталығын алдағы уақытта толықтай ІТ-жүйемен басқару жоспарланып отыр.

Осы категория бойынша: « Отандық медицина сапасына депутаттардың көңілі толады ма? Қарағанды облысында оқушылар ескі ғимаратта оқуға мәжбүр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы