374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда миграциялық ХҚКО ашылды

  • 191
  • UPD: 21:14, 05.09.2018
Алматыда миграциялық ХҚКО ашылды

Шетелдік жұмысшылар жиі келетін қала үшін бұл маңызды жаңалық.

Мысалы, жыл басынан бері шаһарда көші-қон бағыты бойынша 50 мыңнан аса қызмет көрсетілген. Енді еңбек мигранттары «бір терезе» қағидасы бойынша қажетті қызмет түрлерін ала алады. Бұл  жұмыс берушілер үшін де қолайлы. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға да мүмкіндік береді. Әзірге орталық Түрксіб, Алатау, Алмалы және Жетісу аудандарына қызмет етеді. Алдағы уақытта Наурызбай ауданында миграциялық Халыққа қызмет көрсету орталығының екінші бөлімшесін ашу жоспарланып отыр.

Жаңыл Әпетова, «Азаматтарға арналған үкімет» МК қалалық филиалының өкілі:

- Бұрын мигранттар бірінші салық мәселесін шешу үшін немесе ЖСН алу үшін, медициналық анықтама алу үшін бірнеше жерге барып жүретін. Ол 5-6 күнді алатын. Ал мына орталық ашылғалы мұндай жүгіріс болмайды.

Осы категория бойынша: « Семей әуежайы халықаралық рейстерді қабылдауы мүмкін Талдықорғандағы тіл айлығы: байқау жеңімпаздары марапатталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы