367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда апатты үйлердің тұрғындары баспаналы болды

  • 254
  • UPD: 23:46, 05.09.2018

Орал қаласында бүгін апатты үйлердің тұрғындары қоныс тойын тойлады.

Бұл кісілер осыдан 3 жыл бұрын уақытша баспанаға көшірілген болатын. Ал әбден тозығы жеткен екіқабатты ескі үйлер сүріліп, орны құрылыс компаниясына тегін берілді. Мемлекет инженерлік желілерді тартып, ауланы абаттандыру жұмыстарын мойнына алды. Осы мерзімде кәсіпкер 132 пәтерлік 6 қабатты үйді салып бітірді. Оның 32-сі бүгін ескі үйдің тұрғындарына тегін берілді.  Салынғанына жарты ғасыр болған көне баспананың орнына су жаңа пәтерлерге ие болған тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Жалпы, бүгінде Орал шаһарында осы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 13 апатты үй бұзылып, орнына 10 көпқабатты үй салынып жатыр. 

Роберт Ирменов, кәсіпкер:

- Бізге емес, халыққа ыңғайлы болар. Өйткені халық ескі үйлердің орнына жаңа үйлер салып жатыр. Өте ыңғайлы. Қазір осы бағдарлама бойынша қалада екі үй салып жатырмыз. Үйді салғанда 132 пәтер салсақ, 100 пәтер қалады. Оны банк арқылы халыққа сатамыз.

Ләззат Абдолова, қала тұрғыны:

- Бұрынғы үйіміз ескі болып еді. Салыстыруға келмейді. Өте жақсы салынған пәтер деп ойлаймын. Бұрынғы пәтерім 35 шаршы метр еді. Қазір 10 шаршы метр ұтып тұрмын. 45 шаршыға ие болып отырмын.

Осы категория бойынша: « Талдықорғандағы тіл айлығы: байқау жеңімпаздары марапатталды Түркістан облысында кәсіпкер жаңа мектеп салып берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы