374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетісудағы әскери оқу-жаттығу жиынын Қорғаныс министрі бақылады

  • 228
  • UPD: 23:21, 05.09.2018
Жетісудағы әскери оқу-жаттығу жиынын Қорғаныс министрі бақылады

Алматы облысындағы «Көктал» полигонында әскери-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Сарбаздар таулы аймақта техникамен жүріп өтіп, шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс беру іс-қимылдарын пысықтады. Сондай-ақ рейдтік іздестіру шараларын орындады. Оқу-жаттығу барысында жоғары технологиялық құралдарды пайдалана отырып, қарсыластың нысандарын барлау және артиллерияның атысын реттеуге айрықша көңіл бөлінді. Полигонға Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнайы келіп, жауынгерлердің дайындығын одан әрі арттыруға қатысты нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ Құрлық әскерінің әскери институтына бас сұғып, осы оқу орнын екі жыл бұрын бітіріп, нәтижелі жұмыс істеп жатқан офицерлерді марапаттады.

Айта кету керек, бұл офицерлердің 90 пайызы бүгінде рота командирі лауазымында қызмет атқарып жүр.

Осы категория бойынша: « Түркістанда ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті Ақтөбе облысында 19 дәрігерлік амбулатория іске қосылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы