374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында 19 дәрігерлік амбулатория іске қосылды

  • 186
  • UPD: 07:21, 06.09.2018
Ақтөбе облысында 19 дәрігерлік амбулатория іске қосылды

Ақтөбе облысында меншік және мемлекеттік әріптестігі аясында 19 дәрігерлік амбулатория ашылған.

Олардың дені ауылдық жерлерде. Жыл соңына дейін тағы екеуі іске қосылуы тиіс. Жалпы медицина мекемесі құрылысына 1 миллард 200 миллион теңге қаржы жұмсалған. Алғашқы медико-санитарлық көмекті қолжетімді әрі сапалы ету – мемлекеттің басты ұстанымдарының бірі. Мәселен, тек Ақтөбе облысының өзінде 300-ден астам медицина мекемесі бар. Облыс орталығындағы емханаларда электрондық жүйе орнатылған. Емделушілердің құжаттары тіркеліп, тиісті маманға алдын ала интернет арқылы тіркеле алады. Ал медициналық құрал-жабдықтармен қамту көрсеткіші облыста 85 пайызды құрайды. Ақ халаттылар тапшылығы да «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында өз шешімін тауып келеді. Дегенмен әзірге облысқа 76 дәрігер қажет.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

– Биыл Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетін аяқтаған 107 түлек облысымызда қалуға келісім берді. Оның 30-ы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерде жұмыс жасағалы жатыр.

Осы категория бойынша: « Жетісудағы әскери оқу-жаттығу жиынын Қорғаныс министрі бақылады Ақтаудағы емханаларда дәрігерлік көмек көрсетудің сапасы жақсарған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы