374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы емханаларда дәрігерлік көмек көрсетудің сапасы жақсарған

  • 111
  • UPD: 07:41, 06.09.2018
Ақтаудағы емханаларда дәрігерлік көмек көрсетудің сапасы жақсарған

Ақтаудағы емханалар халыққа «қағазсыз қызмет» етуге жаппай көшіп жатыр.

Цифрлық технологиялар кең қолданысқа енуімен кісі кезегі азайып, дәрігерлік көмек көрсетудің сапасы жақсарды. Мәселен, қалалық №1 емханадағы зертхана тәулігіне екі мыңға жуық адам қабылдайды. Жаңа қондырғылармен жарақтанған мамандар қан мен зәр құрамын дәл әрі жылдам талдай алады. Сәйкесінше, науқасқа диагноз қою уақыты екі есеге қысқарған. Сараптама қорытындысы компьютерде теріліп, цифрлық ақпарат жүйесіне енгізіледі. Мұнан соң дәрігер пациентке емдік шаралар тағайындайды. 

Разия Ерманова, зертхана дәрігері:

– Бұрын күніне 100 адамнан анализ алып, қолмен құйып тексеретін болсақ, енді барлығын аппараттың өзі жасап береді. Анализ өте жылдам жасалады. Және тексерілетін адамдардың саны көбейді. Күніне 1500-1800-дей анализ жасаймыз. Әрбір анализді компьютерлік жолмен емдеуші дәрігерге жібереміз. Науқастар зертхана мен емдеуші дәрігердің ортасында жүрмейді.

Осы категория бойынша: « Ақтөбе облысында 19 дәрігерлік амбулатория іске қосылды Шымкентте 28 мың 687 абонент жылу таратушы мекемеге қарыз »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы