374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысы жылу маусымына дайын

  • 187
Қостанай облысы жылу маусымына дайын

Қостанай жылу энергетикалық компаниясы алдағы маусымға дайын.

Биыл мекеме жанынан тағы екі қазандық іске қосылмақ. Жаз бойы мұнда жөндеу мен жаңарту жұмыстары жүргізілді. Облыс орталығында жылу желілерін қалпына келтіруге 200 жүз млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Алайда тұтынушылардың жылдар бойы қордаланған қарызы бұдан екі есе көп. Тұрғындар кәсіпорынға көрсеткен қызметі үшін 400 млн теңге қайтаруы тиіс. 

Қала орталығындағы жүргізілген қосқұбырлы желінің құны – 900 млн теңге. Компания бұл қаражатты өз қалтасынан шығарған, сондай-ақ демеушілерді тартты. Құбырлардың ұзындығы – 1 жарым шақырым. Магистральді және кварталдар ішіндегі желілердің ағымдағы жөндеуі биыл екі есеге көбейген. Облыс орталығындағы мыңнан аса көпқабатты тұрғынүйді жылу энергетика орталығы мен екі қазандық жылытады. Дайындық тыңғылықты жүргізілді. Негізгі және қосалқы жабдықтардың бәрі жөндеуден өтті.

Вячеслав Плотников, жылу-энергетика орталығының басшысы:

– Жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаржының жалпы көлемі – 85,3 млн теңге. Арнайы бағдарлама аясында 2 желілік сорғы ауыстырылып, 1 қосымша сорғы орнатылды. Бұл жобаның құны – 165 млн теңге.

Ал компания жаңашыл есептегішті іске қосты. Ол күннің қуатымен жұмыс істейді. Құрылғының қуаты есеп жүргізіп, ақпаратты модем арқылы серверге жүктеуге еркін жетеді.

Ғабит Бекбаев, «ҚЖЭК» МКК басқарма басшысының міндетін атқарушы:

– Жылу маусымының алдында компания қарызы барларға қатаң шаралар қолданбақ. 400 млн теңге аз сома емес. Үш ай жазда соның 39 млн теңгесін ғана қайтара алдық.

Бүгінде берешекке белшеден батқандардың машина, гараж, саяжай сынды мүліктерін алып қою мәселесі күн тәртібінде тұр. Өйтпесе, олардың қарызын қайтарар түрі көрінбейді. Ал пәтерлерге жылу беру ауа температурасы белгіленген мөлшерге дейін төмендегенде басталады.

Авторлары: Абылай Мауданов, Ермек Мұхамедьяров

Осы категория бойынша: « Шымкентте 28 мың 687 абонент жылу таратушы мекемеге қарыз Павлодар облысында жерасты суларының деңгейі көтеріліп, 500-ге жуық үйді су басты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы