367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жезқазғанда екі мектептің басшысы ата-аналардан артық құжат талап еткен

  • 141
Жезқазғанда екі мектептің басшысы ата-аналардан артық құжат талап еткен

Қарағанды облысының Жезқазған қаласындағы екі бірдей мектептің директоры жауапқа тартылды.

Олар ата-аналардан артық құжат талап еткен. «Бұл заңға қайшы», – дейді мамандар. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері жаз айларында 10 мектепке тексеріс жүргізіп, бірқатар заңсыз әрекеттің жолын кескен.

Жандос Сәрсенов, МҚІСЖҚІА облыс бойынша департаментінің басшысы:

– Заңнамада қарастырылмаған артық құжаттарды талап етеді. Сол арқылы мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтары бұзылып жатыр. Ол расталды. Қорытындысы бойынша біздің департаменттің берген ұсынымына сәйкес, мектептің директоры жазаланды. Келешекте басқа да мектептердің директорларына сабақ болады.

Осы категория бойынша: « Елордалық білім басқармасы «Ақша жинауға қарсымыз» акциясын бастады Таразда полицейлерге қызметтік көлік берілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы