374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы тұрғындарына қала күні қарсаңында ерекше сый тарту етілмек

  • 351
  • UPD: 11:53, 06.09.2018
Алматы тұрғындарына қала күні қарсаңында ерекше сый тарту етілмек

Шаһар тұрғындары мен қонақтар көшелер мен саябақтарға орнатылған заманауи үлгідегі шағын мүсіндер мен арт нысандарды тамашалайтын болады.

Қазір арнайы комиссияның іріктеуінен өткен 60 арт нысан мақұлданды. Бұл туралы журналистерге фестиваль ұйымдастырушылары мен қала әкімдігінің өкілдері мәлім етті. Әлемнің танымал мүсіншілері мен суретшілері жұмылдырылған жоба тамыздың 25-де басталған халықаралық фестиваль аясында қолға алынған. Оған әлемге танымал дизайнерлер мен Қазақстан суретшілер одағының мүшелері төрелік етті. Конкурстың мақсаты – қала көркін жаңарту және тұрғындарды жаңа идеяларға шабыттандырып, табиғат аясында көбірек серуендеуге жағдай жасау. Мамандар «500 өтініштің ішінен қаламыздың тыныс-тіршілігіне жақын, ұлттық мәдениетімізді айшықтайтын дүниелерді таңдадық», – дейді.

Ефрат Имамбек, ЮНЕСКО істері бойынша ҰК жанындағы мәдени құндылықтар комитетінің мүшесі:

– Шынымды айтсам, аттарына қарамадым, тек қана осы нысанның көркем жағынан қарадым. Алматы – ерекше қала. Қазақтың дәстүрлі өнерін жаңа инновацияға салу қызық.

Осы категория бойынша: « Таразда полицейлерге қызметтік көлік берілді Алматыдағы құс өсіретін орталықта бірнеше бүркіт тордан босатылмақ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы