365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 8-9 қыркүйекте Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

  • 212
  • UPD: 12:34, 06.09.2018
Елордада 8-9 қыркүйекте Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес 8-9 қыркүйек күндері Мұнайтпасов көшесі, 9 мекенжайы бойынша орналасқан«Қазақстан» СК автокөлік қоятын алаңында Республика өңірлерінің қатысуымен Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде облыстың барлық өңірлерінің 100-ден астам өңдеуші кәсіпорындары мен ауылшаруашылық құрылымдары қатысады, олармен барлығы 110 млн теңгеден астам сомаға 465 тонна көлемінде өнім әкелінеді.

Өңірлердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері сату үшін сиыр етін 1350 теңге/кг бағасы бойынша жылқы етін – 1550 теңге/кг, қазыны – 1750 теңге/кг, қой етін – 1300 теңге/кг, құс етін – 700 теңге/кг, жұмыртқаны – 10 данасына 170 теңге, қатты сорттағы ірімшікті - 1800 теңге/кг, қымызды – 600 теңге/кг, балды – 1500 теңге/кг, өсімдік майын – 360 теңге/литр, макарон өнімдерін - 140 теңге/кг, қарақұмық жармасын – 120 теңге/кг, жоғары сортты ұнды – 120 теңге/кг, картоп, қырыққабат, пиязды – 70 теңге/кг, сәбіз, қызылшаны – 90 теңге/кг, қарбызды – 50 теңге/кг ұсынатын болады.

Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша павлодарлық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнімі астаналықтарда үлкен сұранысқа ие және жәрмеңкені ұйымдастыру кезеңінде толығымен өткізіледі. Қалалықтарда ет өнімдері, картоп, көкөністер және қарбыздар өте танымал.

Павлодарлық кәсіпорындар келісуге боларлық бағаларға қатысты азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген ассортиментін астаналық тұрғындарға ұсынады. Қалалықтарға Павлодар облысының эмблемасы бар экологиялық жағынан таза пакеттерде өнім босатылады.

Барлық Республикада және одан шет жерлерде бренді танымал «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Ақжар - Өндіріс» ЖШС, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС сияқты кәсіпорындар өзінің өнімін ұсынады.

Осы категория бойынша: « Елордада Тұран даңғылындағы қозғалысқа уақытша шектеу қойылды Қазақстанда ажырасу дерегі көбейген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы