368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда ажырасу дерегі көбейген

  • 231
  • UPD: 13:38, 06.09.2018
Қазақстанда ажырасу дерегі көбейген

Елімізде соңғы жылдары моногендерлік, яғни толық емес отбасылардың саны артып келеді.

Сондай-ақ Қазақстандағы әрбір үшінші жанұяның шаңырағы шайқалып, ерлі-зайыптылар ажырасады екен. Бұл туралы бүгін еліміздің Мемлекеттік хатшысы отбасының қоғамды жаңғыртудағы рөліне арналған жиында мәлімдеді. Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, ажырасу деректері көбіне жастар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар ол отбасы саясатының мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

– Осы бағытта Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат жөніндегі тұжырымдамасы қабылданды. Балалар құқығы жөніндегі уәкіл институты құрылды. Отбасы күні белгіленді. Және алдағы күндері «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізілетін болады.

Осы категория бойынша: « Елордада 8-9 қыркүйекте Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді Ақтөбе облысында EXPO 2017 технологиясымен жел электр станциясы салынады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы