365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда балабақша бағасы қымбаттады

  • 374
  • UPD: 14:34, 06.09.2018
Қазақстанда балабақша бағасы қымбаттады

Елімізде балабақшалар мен мектепге дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту орталықтары бір жылда 5%-ға қымбаттады.

Бұл туралы Energyprom.kz-ке сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды. Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, тамызда ата-аналар мектепке дейінгі мекемеге бір күн үшін орташа есеппен 823 теңге төлеген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,1%-ға жоғары. Балабақша мен дамыту орталықтары ең қымбат өңірлердің қатарында Астана (бір баруына 1862 теңге), Алматы (1666 теңге) және Шымкент (1023 теңге) қалалары бар.

«Жалпы 2018 жылдың II жартысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызмет түрлері 84 миллиард теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,2%-ға көп. Олардың 78,7%-ы бюджеттік қаражат есебінен көрсетілсе, тағы 21,1%-ы халықтың өзінің қаражатына және 0,2% жекеменшік кәсіпорындардың есебінен шыққан», - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Осы категория бойынша: « Павлодар тұрғындары мейрамхана салып жатқан кәсіпкерге қарсы шықты Өскемен жылу маусымына дайын »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы