365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемен жылу маусымына дайын

  • 200
  • UPD: 15:09, 06.09.2018
Өскемен жылу маусымына дайын

Өскемен қаласы жылу беру маусымына толықтай дайын.

Жергілікті әкімдік осындай ақпар таратты. Қазандықтар мен жылу электр орталықтарының жұмысы кестеге сай басталады. Мәселен, Согра жылу электр станциясында 52 мың тонна отын әзір тұр екен. Бүгінде көмір тасымалына қатысты Майкүбе және Қаражыра кен орындарымен келісімшарт та жасалған. «Шаһар халқын көмірмен қамту барысы ойдағыдай, жалпы 36 мың тонна отын қажеттілігі болса, соның тең жартысына жуығы қазір жеткізілген», – дейді қала әкімі.

Жақсылық Омар, қала әкімі:

– Қыс түскен кезде қиындық туғызбау үшін қала әкімдігі жанынан жұмыс тобы құрылған. Онда штаб жұмыс істейді, ол штабты біз аптасына бір рет жинаймыз және басшылармен өзекті мәселелерді талқылаймыз.

Осы категория бойынша: « Қазақстанда балабақша бағасы қымбаттады Әбдіқалықова «Қазақстан қоғамын жаңғырту үдерісіндегі отбасының рөлі» атты жиынға қатысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы