369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында 24 мыңнан астам жүргізуші айыппұлдан жалтарып жүр

  • 121
  • UPD: 17:45, 06.09.2018

Ақмола облысында айыппұл төлеуден жалтарып жүргендер қатары көбейіп барады.

24 мың адам қазынаға 200 млн теңгеге жуық ақша берешек. Бүгінгі күнге дейін көлік жүргізушілеріне 550 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған екен. Осы орайда полиция қызметкерлері жыл басынан бері 7 мәрте «Борышкер» акциясын өткізіпті. Оның нәтижесінде 241 темір тұлпар айып тұрағына тоғытылып, 351 млн теңгеден астам айыппұл өндірілген. Қазір Көкшетауда айыппұлы бар автокөліктерді автоматты түрде анықтайтын ақылды бейнекамералар орнатылған. Алайда аудан, ауылдарда жасырынып жүрген көліктер әлі де бар.

Аслан Қызбикенов, облыстық ӘПБ бастығы:

- Жеті күннің ішінде 50 пайызын төлеуге болады штрафтың. Міне, 20 мың салды ма, 10 мыңын 7 күннің ішінде төлеуге болады. Жеті күннің ішінде 50 пайызын төлемесе, ол екі есе өседі. Сосын 30 күн өз еркімен төлейтін уақыт береміз. Әр адамның өз қиыншылығы болады ғой. Бірақ бір ай күтеміз 30 күн, бәрін санағанда 57 күннен кейін біз жеке сот орындаушыларға береміз.

Осы категория бойынша: « Т.Дүйсенова Павлодардағы форумда «Нұр Отан» партиясы ұйымдары жұмысының маңыздылығын жеткізді Атырауда көгілдір отын мен су бағасы арзандады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы