369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда көгілдір отын мен су бағасы арзандады

  • 185
  • UPD: 17:45, 06.09.2018

Атырауда күтпеген жерден көгілдір отын мен ауыз су бағасы арзандады. Бірақ бұл жергілікті кәсіпорындардың өз еркімен жасаған игі ісі емес.

Табиғи монополияларды реттеу бойынша Атырау облыстық департаменті жүргізген тексерулерден кейін қолға алынған шаруа.  Мәселен халықты көгілдір отынмен қамтамасыз етуші «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы жұмысын тексеру кезінде департамент мамандары бірқатар кемшіліктер анықтаған. Соның бірі тұтынушылардан негізсіз жиналған 30 миллион теңге. Сол секілді «Атырау су арнасы» коммуналдық мекемесі де 139 млн теңге көлемінде заңсыз кіріс алған. Осы қаржыны кері қайтару үшін енді екі мекеме бір жыл бойына тарифті өзгерте алмайды. Қазір мың текше метр газдың бағасы 1 мың 721 теңгені құрайды. Яғни 48 теңгеге арзандады. Бұрын судың әр текше метрі 101 теңге болса, қазір 97 теңгеге тең.

Жанар Сағындыққызы, облыстық табиғи монополияға қарсы департаменттің бас маманы:  

- Бұл табиғи монополия субьектілері бойынша біз жыл сайынғы тарифтік сметаның орындалуы бойынша есепке талдау жүргіземіз. Соның нәтижесі бойынша уәкілетті орган бекіткен деңгейден 5 пайыздан астамы орындалмағаны анықталды. Соның нәтижесінде «Қазтарнсгаз» АҚ мен «Атырау су арнасы» КМК уақытша өтемдік тарифтер бекітілген болатын. Яғни бұл уақытша өтемдік тарфитер қолданыста бір жыл көлемінде жүргізілетін болады.

Осы категория бойынша: « Ақмола облысында 24 мыңнан астам жүргізуші айыппұлдан жалтарып жүр БЖЗҚ елордалық жедел әрекет ету орталығымен ақпарат алмасатын болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы