Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізге Моңғолиядан 830 көлік заңсыз кіргізілген

  • 218
  • UPD: 21:04, 06.09.2018

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары мәлімдеді.

Олардың айтуынша, тіркеусіз жүрген темір тұлпарлар Қазақстанға Ресей елі арқылы тасымалданған. Қазір осы деректер бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалып, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары айыптыларды анықтап жатыр. Осы тұста 2023 жылдан бастап отандастарымыз Армениядан автокөліктерді біздің мемлекетке кедендік төлімсіз өткізе алады. Ал, іргелес Қырғыз елінен сатып алынған машиналарды Қазақстанға 2025 жылдан бастап ешбір кедергісіз жеткізуге мүмкіндік туады. Ал оған дейін аталған мемлекеттерден жеткізілген көліктерді ел аумағына өткізу кезінде міндетті түрде кедендік төлем алынады.   

Айбек Үйсінбаев, ҚР ҚМ МКК Кедендік методология департаментінің бас маманы:

- Қырғызстанда 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін рәсімделген автокөліктер және Арменияда 2014 жылдың 10 қазанынан бастап 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін рәсімделген автокөліктер Қазақстан Республикасында шетелдік тауарлар болып табылады және кедендік бақылауға жатады. Осындай автомобильдер тек Армения және Қырғызстанда тұратын тұлғалар ғана Қазақстанға уақытша алып келе алады.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысы өнеркәсіп өндірісі бойынша алдыңғы қатарда келеді Байқоңыр маңындағы Төретам және Ақай ауылындағы мәселелерді шешу жолы қаралды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы