367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байқоңыр маңындағы Төретам және Ақай ауылындағы мәселелерді шешу жолы қаралды

  • 247
  • UPD: 19:33, 06.09.2018
Байқоңыр маңындағы Төретам және Ақай ауылындағы мәселелерді шешу жолы қаралды

Байқоңырда Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жобасы қолға алынғаны белгілі.

Одан бөлек Біріккен Араб әмірлігі де қомақты инвестиция құюға ниетті. Яғни олар жеңіл жер серіктік спутниктерді ұшырмақ. Демек, ғарыш айлағының келешегі кемел. Дегенмен, Байқоңыр қаласы мен оның маңындағы Төретам және Ақай елді мекендерінде шешімін күткен мәселе көп. Қордаланған түйткілдер Қызылорда облысы әкімдігі мен Байқоңыр қаласы әкімшілігінің бірлескен мәжілісінде талқыланды.

Алдағы уақытта Байқоңырдағы Қазақстан азамттарына отандық медицина ұйымдарында көмек алуға мүмкіндік берілуі мүмкін. Осыдан 2 жыл бұрын жұлдызды қалашықта облыстық медицина орталығының филиалы ашылған болатын. Ал биыл 30 мың адамға қызмет көрсетуге қауқарлы емхана ашылды. Бүгінде оған 14 мыңнан астам адам тіркелген. Егер екі ел арасындағы келесім мақұлданса, айтулы мәселе оң шешімін табады.

Ақмарал Әлназарова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Осы жылдың аяғына дейін ратификация болғаннан кейін негізі жұмыс жасамайтын, сонымен қатар әлеуметтік топтар, соның ішінде балдар бар, зейнетке шыққан адамдар бар, солардың барлығы осы Қазақстан емханасына келіп тіркеледі. Біз 30 мыңға дейін адам тіркеледі деген болжам жасап отырмыз.  

Байқоңырда босап қалған ғимараттарды да тиімді пайдалану маңызды. Бұл нысандарды Қазақстан меншігіне алып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңғырту жоспарда бар. Осылайша Байқоңырдағы қазақстандық балабақшалар қатарын көбейту көзделіп отыр.

Майра Меделбекова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Қазір енді айтатын болса 1 ғана балабақша деп айтып отырмыз ғой. Енді болашақта тағы да 4 балабақша жекеменшік әріптестік аясында іске қосуға болатын мәселе қаралып тұр қазіргі таңда. Оның екі балабақша туралы мәселе қазіргі таңда шешілді. Бизнес, кәсіпкерлеріміз тьабылды.

Байқоңырда тұрғын үй салуға және су, кәріз жүйелерін жаңғырту үшін техника-экономикалық негіздеме құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен айрықша жағдайлар негізінде қаражат бөленген. Алайда жоспарға тізілген жобалар көп. Қаланың инфрақұрылымы сын көтермейді. Тозығы жеткен жолдар да аз емес. Газдандыру мәселесі тағы бар. Оны шешуге жұлдызды қалашықтың бюджеті жеткіліксіз. Сондықтан екі елдің де мүддесіне сай ортақ қаржы көзі қажет.

Серік Қожаниязов,  облыс әкімінің орынбасары:

- Осы жыл сайын Ресей тарапы 115 миллион доллар Қазақстанға төлеп отыр. Соның бір бөлігін осы Байқоңыр, Төретам, Ақайға бөлу мәселесі қойылды. Ол мәселе алдын ала қазір ешкім жоқ деп жатқан жоқ. Біз енді қазір 3 министрлікпен – экономика, қаржы министрлігі, ғарыштық қорғаныс министрлігімен жұмыс жасап жатырмыз. Біз енді оң шешім табылады деген сенімдеміз.

Байқоңырға іргелес Төретам мен Ақай елді мекендері де екпінді дамудан қалыс қалмауы керек. Себебі бұл ауылдар келешекте қаланың шағын аудандарына айналады,-дейді мамандар. Бұған дейін аталған аумақтардың бас жоспары әзірленген болатын. Енді оны нақты іске асыру үшін арнайы жол картасы дайындалады.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтманбетов

Осы категория бойынша: « Елімізге Моңғолиядан 830 көлік заңсыз кіргізілген Қарағанды облысында ауылдағы науқасқа қашықтықтан дәрігерлік көмек көрсету жүйесі енгізілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы