364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында ауылдағы науқасқа қашықтықтан дәрігерлік көмек көрсету жүйесі енгізілді

  • 166
  • UPD: 21:25, 06.09.2018

Қарағанды облысы өңдеу өнеркәсібіндегі өсім бойынша көш бастап тұр. Өткен жылы өндірістегі өнім көлемі 5 пайызға артып, 2 триллион 300 миллиард теңгеге жеткен.

Соның арқасында экономиканың өзге де салалары түрленіп, қаншама инновациялық жобалар жүзеге асты. Мыңдаған адам жұмыс тапты. Білім мен медицина салалары қатар дамып, жүздеген отбасы қоныс тойын тойлады.

Қарағанды облысында алдағы бес жыл ішінде 25 ірі инновациялық жоба жүзеге асады. Оның 5-уі биыл іске қосылмақ. Мәселен, Жәйремде кен байыту комбинаты салынып жатыр. Ал Теміртаудағы металлургиялық комбинат тұңғыш рет 4 миллион тонна болат өндірген. Сонымен қатар Жезқазған мыс қорыту зауытындағы екінші пеш жөнделіп, келер жылы өнім көлемін 400 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Алмас Айдаров, облыс әкімінің орынбасары:

- Қазір облысымызда 25-тен астам ірі инвестициялық жобалар бар. Олардың ең төменгісі 10 миллиард теңгеден асып отыр. Көбінесе ол жобалар шикізат өңдеумен байланысты. Біздің мақсатымыз жыл сайын өңдеуші өнеркәсіптің өсімін 5 пайыздан азайтпау. Қазіргі кезде 5,5 пайыз көрсетіп отыр.

Кенді аймақта тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүргізіліп келеді. Тек биылғы жылдың өзінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3500 пәтер салынбақ. Қазіргі күні соның тең жартысы тапсырылып, мыңдаған жанұя қоныс тойын тойлады. 

Назым Ахметов, қала тұрғыны:

- Қосылғанымызға 3 жыл болды. Сол үйді көп күттік. Өте қуаныштымыз. Риза болып жатырмыз. Ризалықтан көзімізге жас келді. Алғысым шексіз. Конституция күні барлықтарыңызға құтты болсын. Әр отбасы осындай үйлерге жете берсін.

Қазір Қарағанды облысы денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша да алдыңғы орында тұр. Осы бағытта қолға алынған жаңа жобалардың бірі дағдарыс орталығы. Қазір өңірдегі емдеу мекемелерінің басым бөлігі осы ақылды жүйеге қосылған. Мәселен, шалғай ауылда бір адам қатты сырқаттанып қалса, оған білікті дәрігерлер қалада отырып, қашықтықтан көмек бере алады. Яғни сырқаттың диагнозы ғаламтор арқылы бірден орталыққа түседі де дәрігерлер қандай ем жасау қажеттігі жөнінде жедел шешім қабылдайды. Мұндағы мамандар жылына қан тамыр ауруларына шалдыққан 2 мың адамға жәрдемдеседі екен. Ал апта сайын инсульт алған 85-90 адамға дейін түседі.

Ғабит Махамбаев, облыстың бас нейрохирургы:

- Біздің инсульт орталыққа бір жылдың ішінде 500-ден аса науқастар инсультпен келеді. Сол науқастарға біз ангиографияны жасауымызға мүмкіндік бар. Тромбоэкстрация жасалып жатыр бізде. Бір айда біз 5 тромбоэкстаркция жасаймыз қазір.

Айта кету керек, соңғы жылдары өндірісті өңірде тек металлургия мен көмір ғана емес, өзге де тың жобалар жүзеге асып жатыр. Айталық, алдағы бірер жылда Саран мен Балқаш қаласы және Ағадыр кентінің маңайында күн станциялары салынбақ. Олар келешекте 190 мегаватт тоқ көзін өндіреді.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов

Осы категория бойынша: « Байқоңыр маңындағы Төретам және Ақай ауылындағы мәселелерді шешу жолы қаралды Өтемақыдан бас тартқан кәсіпкерлер сауда нүктелерін орнында қалдыруды талап етті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы