369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда зират тонаумен айналысқан қарақшылар ұсталды

  • 136
  • UPD: 22:30, 06.09.2018

Жергілікті полиция қызметкерлері тұрғындардың арызынан кейін ұрлықшылардың ізіне түсіп, марқұмдардың бейітін тонағандарды қолға түсірді.

Күдіктілер тағылған айыппен келісіп, православ зиратын жеті рет жайпап кеткендерін мойындады. Жалпы жаға ұстататын осы жағдай тамыз айында жиі қайталаныпты. Қарақшылар бір аптаның ішінде 10-нан аса бейіттің темір шарбақтарын бұзып әкеткен. Енді ұсталғандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Павлодарда жерасты сулары көтерілді

Толассыз жауған жаңбыр Павлодарды Венецияға айналдыруы мүмкін. Табиғаттың тосын мінезінен екінші Павлодар шағын ауданы қатты зардап шегіп, жағдай ушығып кетті. Салдарынан жерасты суларының деңгейі тағы көтерілді. Бүгінде су басқан үйлердің қатары 500-ге жетті. Кейбірі тұруға жарамсыз болып қалды. Сондықтан жаңа баспана салып жанталасқан жұрт қыс түскенше үй тұрғызып алсақ дейді. Бас-аяғы 15 көшенің үйін су басып қалды. Күрмеулі мәселені шешу үшін алып қазаншұңқыр салынып жатыр. Себебі, қолданыстағы сорғылардың қуаттылығы су соруға жетпейді.

Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты сот отырысы жалғасты 

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қазақстан мен Белорусь азаматтарына қатысты қылмыстық істі қаралып жатыр. Топ мүшелеріне мұнайды заңсыз тасымалдады, сатты және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айып тағылды. Қылмыстық топ 2016 жылдың желтоқсан айында ұсталды. Олар кен орындарынан ұрланған «қара алтынды» Ақтөбедегі мұнай өңдеу зауытына жеткізіп, ары қарай темір жол арқылы Қырғыз еліне жөнелтіп отырған. Барлығы 13 мың тоннадан астам шикі мұнайды құжатсыз тасымалдаған. Мемлекетке келген шығын 1 млрд 435 млн теңге болады.

Осы категория бойынша: « «Мерейлі отбасы» байқауының ақтық кезеңіне 16 жанұя жолдама алды М.Әшімбаев 5 әлеуметтік бастаманың батыс өңірінде жүзеге асу барысымен танысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы