367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

М.Әшімбаев 5 әлеуметтік бастаманың батыс өңірінде жүзеге асу барысымен танысты

  • 147
  • UPD: 23:01, 06.09.2018

Бюрократиялық жүйеден бас тартып, өз қызметіміздің тиімділігін арттыруымыз қажет. Партия филиалдарының жұмысы өткізген іс-шаралар санымен емес, нақты нәтижемен өлшенуі тиіс.

Батыс Қазақстан облысына барған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия активімен кездесуде алдағы мақсат-міндеттерді осылай саралады. Сондай-ақ өңірге сапары барысында ол Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асу барысымен танысты.  

Орал қаласынан баспаналы болу 23 жасар Айнаш Амангелдіқызының аңсаған арманы еді. Алайда, біраздан бері бастапқы жарнаны жинай алмай жүрген болатын. Ойындағысы орындалуына «7-20-25» бағдарламасы жәрдемдесті. Жас маман екі бөлмелі пәтерге қол жеткізді.  

Айнаш Амангелдіқызы, жас маман:

- Қазір 20 пайызбен қол жеткізуге болады осындай тұрғын үйге. Бөкей Ордасы ауданында тұрамын. Отбасымызда 6 ағайынбыз, әкем, анам бар. Қазір аудандық ауруханада жұмыс жасаймын. 

Мемлекет басшысы жариялаған 5 әлеуметтік бастаманың біріншісі тұрғын үй мәселесінің түйінін тарқатуға бағытталған. Яғни пайыздық ставканың 7, бастапқы жарнаның 20 пайызға төмендеуі халықтың баспаналы болуын жеңілдетеді. Аталған бағдарлама бойынша биыл өңірде 46 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылмақ. Күні бүгін 75 тұрғын өтініш білдірсе, соның 55-і мақұлданған. 23-і пәтерлі болған. Солардың бірқатарына бүгін Мәулен Әшімбаев пәтер кілттерін тапсырды.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр отан» партиясы төрағасының орынбасары:

- Біз енді өз тарапымыздан Елбасының үлкен бастамасының жүзеге асуына септігімізді тигізіп, екінші жағынан халыққа түсіндіріп, үшінші жағынан қоғамдық бақылау жүргізіп, жалпы осы бағдарламалардың игілігінің халыққа толықтай жетуіне жұмыс істеудеміз. Жалпы осы «7-20-25»  бағдарламасына халық ризашылығын білдіріп жатыр. 

Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының орындалуы «Нұр Отан» партиясының ұдайы бақылауында болмақ. Бұл туралы партия активімен кездесуде айтылды. Жиында сондай-ақ партиялық жобалардың барысы да талқыланды. Сандық технологияға көшуді жеделдетуге байланысты партия бастамасымен елімізде 383 IT класс ашылған. Мақсат жас ұрпақты жаңа технологияға жеделдете үйрету.

Әмірлан Мұхамбетқалиев, №34 мектеп оқушысы:

- Болашақта мен инженер болғым келеді. Осы инженер болу үшін Ай-Ти кластарға барып жүрмін, өз өзімді дамытып жүрмін ойлау қабілетімді.  Мында схемалар бар, жаңадан программалар бар. Сол бағдарлама арқылы алгоритм енгізе аламын. Робот сол алгоритмге бағынып жүреді. 

Сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарында 21 IT орталық ашылды. Бұл жобалардың барлығы Елбасы жариялаған сандық технологияға көшу бағдарламасына партияның қосқан үлесі деді жастармен жүздесуінде Мәулен Әшімбаев. Партия төрағасының бірінші орынбасары жастардың жігерін жанып, ел дамуында жастардың орны ерекше екенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр отан» партиясы төрағасының орынбасары:

- Жастар қайратты болмаса, жастардың намысы мықты болмаса, жастардың армандары асқақ болмаса, ол елдің болашағы бұлыңғыр болады. Сондықтан біздің жастар мықты болуы керек. Елбасының алға қойған мақсаттарына бәріне жетудің бірден-бір кепілі мықты жастар сіздер.

Мәулен Әшімбаев сонымен қатар осы оқушылар сарайындағы  коворкинг орталықтың жұмысымен танысты.

Авторлары: Е.Жылқайдарұлы, Р. Ғазезов

Осы категория бойынша: « Атырауда зират тонаумен айналысқан қарақшылар ұсталды Елімізде балалар үйінің саны азайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы