369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Конго азаматшасы еліне орала алмай жүр

  • 100
  • UPD: 10:22, 07.09.2018
Конго азаматшасы еліне орала алмай жүр

Конголық Моника Камганза туған жеріне қайта алмай жүр.

Қазақстанға былтыр ЭКСПО көрмесіне келген ол виза мерзімін ұзарту керектігін білмеген. Қолында нәрестесі бар. Осылайша үй-күйсіз қалып отыр. Тек француз тілінде сөйлейтін әйелмен тіл табысу қиынға соқты. Кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекция Мониканы әлеуметтік-құқықтық қорғау орталығына жіберді. Олар сәбидің өмірге келуіне көмектескен.

Анна Рыль, қор директоры:

- Егер миграциялық полиция оған визалық режимді бұзғаны үшін елден кетуге мәжбүрлесе, оның жолақысын ешкім де өтей алмайды. Бұл үлкен қаражат, ал азаматшаның бір тиыны да жоқ. Ол Қазақстанда қалуға көмек сұрап отыр. Мұның жолы бар. Бірі – тұрғылықты мекен алу, алайда оның есепшотында 3 млн теңгесі болуы тиіс. Не босқын мәртебесін алу. Бұл да күрделі мәселе.

Осы категория бойынша: « Күрежолдың пайдасы орасан Түркістан облысында жерасты жолының құрылысы аяқталуға жақын »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы