374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында жерасты жолының құрылысы аяқталуға жақын

  • 248
  • UPD: 10:39, 07.09.2018
Түркістан облысында жерасты жолының құрылысы аяқталуға жақын

Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінің Шақпақ елді мекеніндегі жерасты жолының құрылысы аяқталуға жақын.

Жерасты жолының оң жақ бөлігі биыл күзге қарай пайдалануға беріледі. «Ал сол жағы 2019 жылдың мамыр айында бітеді», – дейді мамандар. Оның құрылысымен әзербайжандық компания айналысып жатыр. Қазір онда 150-ге жуық адам жұмыс істейді. Оның 50-і әзербайжандық, қалғаны жергілікті тұрғындар. Сонымен қатар 20 арнайы техника жұмылдырылған. Қазір жерасты жолының оң жақ бөлігінің құрылысы толық аяқталған. Енді шам орнату және шудан оқшаулау жұмыстары қалған. Ал сол жақ бөлігінің қабырғалары бетондалып жатыр. Жоба құны – 8,5 млрд теңге. «Халықаралық талаптарға сай сапалы материалдар пайдаланып жатқандықтан, тоннельдің қауіпсіздігі бір ғасырға дейін жетеді», – дейді мамандар.

Қадыр Қадыров, инженер-жобалаушы:

- Тоннельдің ұзындығы – 840, ені – 12 метр. Басшылық құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігін қатаң бақылап отыр. Біз бұнда жарықтандыру жұмыстарын, өрт қауіпсіздігі мен бейнебақылау құрылғысын орнатамыз. Жерасты жолы Шақпақ асуындағы екі жолақты автомобиль жолының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұйыртса, келер жылы толық аяқталады.

Осы категория бойынша: « Конго азаматшасы еліне орала алмай жүр Әулиеатаға Алтайдан асылтұқымды ірі қара әкелінді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы