364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әулиеатаға Алтайдан асылтұқымды ірі қара әкелінді

  • 123
  • UPD: 10:46, 07.09.2018
Әулиеатаға Алтайдан асылтұқымды ірі қара әкелінді

Жамбыл облысында шетелдерден 36 мың басқа жуық асылтұқымды ірі қара мал сатып алынады.

Бұл жоспар 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Аймаққа ет бағытындағы сиырлардың алғашқы легі Ресейдің Алтай өңірінен әкелінді. Жергілікті шаруалар 600 бас қазақтың ақбас тұқымын Мойынқұм ауданына жеткізді. Бұл шаруақожалық иесі бұған дейін 1 мың 700 бас «қалмақ» тұқымын әкеліп жерсіндірген. Алдағы уақытта Ресей мемлекетінен тағы да 3 мың бас импорттауды көздеп отыр. Мамандар «Бұл ет экспортының көлемін арттыруға мүмкіндік береді», – дейді. Жалпы облыста етті мал шаруашылығын дамытуға арналған салалық бағдарламасымен мал сатып алуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорына 19 өтініш келіп түскен. Оның 4-і мақұлданып, 105 миллион теңгеге жуық несие берілген. Қазір осы бағытта Ресей Федерациясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, биыл облыстан Қырғызстан, Өзбекстан, Иран Ислам Республикасы мен Бахрейн Корольдігіне 1 мың 467 тонна ет экспортталды.

Қайрат Аманов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Біздің облыста бүгінгі күні 3 үлкен ет комбинаттары жұмыс істеуде. Сол арқылы және зәкірлік кооперациялар арқылы етті экспорттауға шаруашылықтардың толық мүмкіндігі болады. Жалпы бұл бағдарлама келешекте ет экспортын бізден ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысында жерасты жолының құрылысы аяқталуға жақын Жылқының құйрық қылы сән индустриясында қолданылуы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы