374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында кинологтар арасында ашық біріншілік өтті

  • 93
  • UPD: 10:57, 07.09.2018
Түркістан облысында кинологтар арасында ашық біріншілік өтті

Қазақ қашаннан итті жеті қазынаның біріне балайды.

Иттің иісшілдігі саққұлақтығы жанарының өткірлігі мен жүйріктігі, шыдамдылығы мен күй талғамайтын қасиеттерін бағалайды. Қазіргідей ғылым мен жоғары технологиялардың дамыған заманында иттерді қызметте пайдалану Ұлттық ұланда жалғасын тауып келеді. Осыған орай Түркістан облысы Төлеби ауданындағы 6 мың 698 әскери бөлімінде кинолог мамандар арасында қызметтік иттерді қатыстыру арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының кубогіне арналған біріншілік өтті. Бұл сайыс кинологтар арасында кәсіптік шеберліктерін жетілдірудің бір жолы.

Жарысқа «Оңтүстік», «Батыс», «Орталык», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарынан және Астана бригадасынан мамандар сынға түсті. Иісшіл иттер бәсекесіне неміс овчаркасы, орыс спаниелі, Бельгия овчаркасы сияқты иттердің тұқымдары қатысты. Жарыстың бағдарламасы бойынша мұнда кинолог мамандардың дайындығы сынаққа түседі. Ашық біріншілікке қатысушылар нысанды тінту, көлікке, жолға, жүк арасына, құрылыс нысандарына қойылған жарылғыш заттардың инженерлік көзін табу, жасырылған есірткілік заттарды іздеу сынды жаттығуларды орындады. Шараның мақсаты – кинолог мамандардың жұмысын жетілдіру.

Осы категория бойынша: « Жылқының құйрық қылы сән индустриясында қолданылуы мүмкін Қостанай облысында автобусқа мас күйінде отырған үш жүргізуші ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы