367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында автобусқа мас күйінде отырған үш жүргізуші ұсталды

  • 165
  • UPD: 11:09, 07.09.2018
Қостанай облысында автобусқа мас күйінде отырған үш жүргізуші ұсталды InfoLiepaja

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы осылай деп мәлімдеді.

Аймақта өткізілген «Автобус» жедел алдын алу шарасы кезінде 231 жол жүру ережесін бұзу оқиғасы тіркелсе, қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 31 құқықбұзушылық анықталды. Мәселен бір жүргізуші жұмысқа шығар алдында техникалық және медициналық тексерістен өтпеген. Ал он бір жүргізуші жылдамдықты асырса, тоғызы рөлде келе жатып телефонмен сөйлескен. Ереже бұзған қалған сегізі де сақшылардың назарынан тыс қалған жоқ.

Жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде қоғамдық көліктерге қатысты жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Авторы: Абылай Мауданов

Осы категория бойынша: « Түркістан облысында кинологтар арасында ашық біріншілік өтті Қостанай облысында тарифтер қымбаттамайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы