369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында тарифтер қымбаттамайды

  • 93
  • UPD: 14:17, 07.09.2018

Қостанай облыстық Табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау департаменті жанынан құрылған арнайы топ жергілікті кәсіпорындардағы инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асу барысын бақылап жүр.

Кезекті тексеріс Рудныйдағы тау-кен байыту комбинатының жылу-энергетикалық орталығында өтті. Мұнда жабдықтарды жаңғырту кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде құйылған қаржы да қомақты. Өткен жылы жылу орталығында 1 млрд-тан астам теңге игеріліп, жоспар 110 пайыз орындалса, биыл 800 млн теңге жұмсалған. Кәсіпорын кеншілер қаласындағы 750 көпқабатты ғимаратты,  оның сыртында 3 мыңнан астам жеке үйлерді жылытады. Мекемедегі жаңғырту жұмыстарының тұрғындардың қалтасына әсері жоқ.

Мәлік Мадияров, облыстық Табиғи монополияға қарсы департаменттің басшысы:

- Қостанайға қарағанда төмен. Бір гигакалория тұрғындар үшін 4 мың теңге түседі. Төленетін тарифтер бүгінгі күні өткен жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ. Сол деңгейде қалды. Ол келесі жылы да өзгермейді деп біз жоспарлаймыз. Тек 2021 жылы 3 процент деңгейінде өзгеруі мүмкін.

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында автобусқа мас күйінде отырған үш жүргізуші ұсталды Жетісулықтар табиғи газды пайдаланатын күн алыс емес »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы