374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да жол жөндеуге бөлінген қаржы жымқырылды

  • 128
  • UPD: 13:55, 07.09.2018
СҚО-да жол жөндеуге бөлінген қаржы жымқырылды

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекет қаржысы талан-таражға салынды.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, биыл тек жол құрылысы саласында осындай 7 факт анықталған. Қазір аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша тиісті іс қозғалды.

Айта кетейік, өңірде осы жылы бюджет қаржысын жымқырудың 40-қа жуық әрекеті әшкереленді.

Нұрымжан Абатов, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

- Автомобиль жолдары мен ғимараттарын салуға байланысты 7 қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын 150-200 миллион теңгені құрап отыр. Бүгінгі күні бірқатар іс сотқа жіберілді. Қалғандары бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осы категория бойынша: « Жетісулықтар табиғи газды пайдаланатын күн алыс емес Қарағандыда шіркеу тонаған ұры ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы