368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жаңа мектеп ашылды

  • 191
  • UPD: 15:15, 07.09.2018
Ақмола облысында жаңа мектеп ашылды

Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Қаражар ауылында биыл көптен күткен жаңа мектеп ашылды.

Бұл – ауылдықтар үшін үлкен қуаныш. Себебі, елді мекен халқы қанша көбейіп жатқанымен, ондағы 80-жылдары салынған 40 орындық ескі мектеп еш өзгеріссіз тұрған еді.

Бұл ғимарат – Қаражар ауылының ескі мектебі. Былтырғы оқу жылына дейін елді мекеннің бастауыш сынып оқушылары осы ескі мектепте оқуға мәжбүр болды. Ал қалған балалар көрші Қараөткел ауылына барып білім алатын. Қазір ол күннің барлығы артта қалды.

Ал заман талабына сай салынған екіқабатты жаңа мектеп көңіл қуантады. 120 орындық білім ошағында қазір 300-ден астам бала екі ауысымға бөлініп оқып жүр. Бұрын бастауыш мектебі ғана бар ауылда енді толыққанды орта мектеп бар.

Болат Тұяқов, мектеп директоры:

- Біздің мектеп гуманитарлық бағытта 10-11 сынып оқып жатыр. Бұлар: қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі осындай пәндер тереңдетіп оқытылады.

Ал балаларға 32 мұғалім тәлім береді. Олардың барлығы дерлік жергілікті тұрғындар. Осыған дейін басқа ауылдарда жұмыс істеген ұстаздар да жаңа мектептің ашылғанына қуанышты. Жалпы, Қаражар ауылы Астананың іргесінде ғана орналасқан. Елді мекен жыл санап өсіп келеді. Мұнда қазір 5 жарым мыңнан астам халық тұрады. Енді ауылдықтықтар жолымыз жөндеуден өтеді деп үміттенеді.

Мэлс Жұмабаев, Қараөткел ауылдық округінің әкімі:

- Биыл Целиноград ауданы жолаушылар бөлімінің тапсырысы бойынша облыстық бюджеттен 10 млн теңге қаражат бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттар жасауға. Қазіргі таңда ол жобалық-сметалық құжаттарын жасау жұмыстары толығымен жүргізіліп жатыр. Енді алдымыздағы бір-екі айдың көлемінде мемлекеттік сараптамадан өтеді. Ол дегеніміз Қаражар ауылының ішкі жолдарының 80-90 пайызын толығымен қамтиды. Жобалық-сметалық құжат осы жылдың соңына дейін екі айдың ішінде дайын болса, келесі жылғы республикалық бюджетке тапсырыс береміз.

Алдағы уақытта ауылға су тарту да жоспарда бар екен. Ал жаңадан салынған үйлерге қазір электр желілері жеткізіліп жатыр. Ең бастысы, ауылға көшіп келушілер көп. «Сондықтан елді мекеннің болашағы зор», – дейді жергілікті билік өкілдері.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Осы категория бойынша: « БҚО-да өз әріптесін атып өлтірген полиция қызметкері тұтқындалды Шымкенттегі аяқ киім фабрикасы жүзге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы