369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда теміржол үстінен өтетін көпір ашылды

  • 217
Оралда теміржол үстінен өтетін көпір ашылды

Орал қаласында бүгін теміржолдың үстінен өтетін төртжолақты жаңа автоөткел пайдалануға берілді.

Депо ауданындағы екіжолақты ескі көпір1965 жылы тұрғызылған болатын. Содан бері жөнделмей, тозығы жеткен нысанды бұзып, қайта салу жұмыстары былтыр көктемде басталды. Құрылысқа қажетті 2,3 миллиард теңге Қарашығанақты игеруші инвесторлардың өңірдің қажетіне бөлетін қаржысынан қаралыпты. Нәтижесінде өткелдің ені 7,5 метрден 14 метрге кеңейсе, ұзындығы 536 метрге артты. Әу баста құрылыс мерзімі екі жылға есептелгенмен, көпір белгіленген уақыттан жарты жыл бұрын тапсырылды. Алда шаһардағы өзге де өткелдер жаңартылмақ.

Гүлжиян Құрманғазиева, қала тұрғыны:

– Осы көшенің бойында тұрамын. Анда-санда келіп, қарап тұрдым. Бұрын салынғандай емес, қазір жаңа стандарт бойынша, жаңа техникамен салынып жатыр, өте жақсы.

Мұрат Мұқаев, қала әкімі:

– Осы бір жыл жарым ішінде құрылысты толық аяқтап, қазір біз Омега аймағындағы көпірді жылдың аяғына дейін толыққанды бұзу жұмыстарын бастаймыз. Қыс бойы бұзу жұмыстары жүретін болады. Сонымен қатар көктем айында Омега ауданындағы жаңа көпірдің құрылысын бастайтын боламыз.

Осы категория бойынша: « Шымкенттегі аяқ киім фабрикасы жүзге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр Жылқының қылы әлемдік сән индустриясында қолданылмақ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы