374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жылқының қылы әлемдік сән индустриясында қолданылмақ

  • 202
  • UPD: 20:04, 07.09.2018
<span class=favorites>Жылқының қылы әлемдік сән индустриясында қолданылмақ</span>

Қазақ жылқысының қылы әлемдік сән индустриясы мен музыкалық аспаптар өндірісінде кәдеге асуы мүмкін.

Алыстағы Америкадан Алматы өңіріне келген кәсіпкер Ашок Жалани жылқы қылының сапасы өте мықты екенін айтады. Болашақта ол біздің елде кәсіпорын ашуды да жоспарлап отыр. Ашок 20 жылдан бері сән индустриясына қажетті бұйымдар шығарумен айналысады. Жылқының қылынан скрипка, әдемі кірпік пен парик, суретшілер мен визажистердің қылқаламын, тіпті тіс щеткасын жасайды екен.

 

Құрық портынан 2 млн 607 мың тонна жүк өткен

Маңғыстау облысындағы Құрық паром кешені қолданысқа берілгеннен бері 2 млн 607 мың тонна жүкті шетел асырды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған жаңа порттың жұмысы қарқынды. Қазақтың астығы мен мұнайы және тыңайтқыш тәулік бойы Каспий маңы елдеріне жөнелтіліп жатыр. Одан әрі Түркия, Еуропа елдеріне тарайды. Бүгінге дейін Қазақстанның екінші теңіз қақпасына 620 кеме аялдаған. 

 

Оралда көпір пайдалануға берілді

Орал қаласында бүгін теміржолдың үстінен өтетін төртжолақты жаңа автоөткел пайдалануға берілді. Құрылысқа қажетті 2,3 миллиард теңге Қарашығанақты игеруші инвесторлардың есебінен бөлінді. Жаңа өткелдің ені 7 жарым метрден 14 метрге жетсе, ұзындығы – 536 метр.

 

СҚО-да жол жөндеуге бөлінген қаржы жымқырылды

Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті қазынаның қаржысын талан-таражға салғандарды анықтады. Тиісті мекеменің мәлімдеуінше, биыл тек жол құрылысы саласында осындай 7 факт тіркелген. Мемлекетке келген шығын – 200 миллион теңге. Қазір аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, өңірде осы жылы бюджет қаржысын жымқырудың 40-қа жуық әрекеті әшкереленді.

 

Қарағанды облысында шіркеу тоналды

Қарағандыдағы рим-католик шіркеуін әлдекім тонап кетті. Ол ғимаратқа емін-еркін кіріп, 200 мың теңгені алып, тайып тұрған. Алайда қара ниетті қылмыскерді тәртіп сақшылары алысқа ұзатпай, қолға түсірді. Енді ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 7 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Осы категория бойынша: « Оралда теміржол үстінен өтетін көпір ашылды Мәулен Әшімбаев бес әлеуметтік бастама аясында Атырау облысына барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы