369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада дәстүрлі отбасылық дуатлон сайысы өтті

  • 185
  • UPD: 13:29, 08.09.2018
Астанада дәстүрлі отбасылық дуатлон сайысы өтті

Осыдан 3 жыл бұрын бастау алған жоба сәтті жалғасын тауып, қазір ауқымды жарысқа айналып шағы келді.

Биылғы бәсекеге 40-тан астам отбасы қатысты. Олар жүгіру және веложарыс бойынша сынға түсті. Кейін әкесі, анасы және баласының ортақ көрсеткіші бойынша жеңімпаздар анықталды. Ұйымдастырушылар бұл жарысты Астананың 20 жылдығына арнадық деп отыр. Ал алдағы жылдары балалардың жастық деңгейін ұлғайтпақ. Яғни тек 9 бен 13 жас аралығында  баласы бар отбасылар ғана емес, 5-6 жастағы баласы барларға да  дуатлонға қатысуға мүмкіндік берілмек.

Азамат Имашев, Астана әкімдігі Спорттық-бұқаралық шаралар өткізу дирекциясының директоры:

- «Дені сау отбасы - дені сау ұлт» демекші бұл жоба барлық отбасы мүшелерін спортқа тартады. Бұл жарысқа кәдімгідей дайындалып келеді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, жарыс өте қызықты өтіп жатыр.

Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында балабақша кезегі цифрлы жүйеге көшеді «Мерейлi отбасы» республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы