365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда жасыл желек оталып жатыр

  • 243
  • UPD: 15:54, 08.09.2018

Еліміздің жасыл қалаларының бірі саналған Павлодар шаһары бұл мәртебесінен айырылғандай.

Соңғы жылдары облыс орталығында ағаштар аяусыз оталып жатыр. Бұған түрлі себеп бар. Айталық, жасыл желектің бір бөлігі қурап қалған. Оның үстіне жергілікті билік атқарған көгалдандыру жұмыстары да мардымсыз.

Бұл елу жылдық тарихы бар Ворушин паркі. Жарты ғасыр бұрын осы жерде ағаштың оннан астам түрі өсіп, ну орман болыпты. Бүгінгі жағдайы аянышты.

Алма Уәлинова, қала тұрғыны:

– Ішім ауырады әрине. Қайдан келгенін өзім де таңқалып келемін. Бір-екі ай болмап едім, ауруханада ауырып жатып. Ішім қатты ауырып, неден келгенін.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Бұл ағаштың жасы шамамен 20-дан асады. Ал бес жыл бұрын бұл Ворушин саябағында қайың, терек, алма ағаштарының жүздегені жайқалып өсіп тұрған. Өкінішке орай, соңғы жылдары өсімдіктер жаппай оталып жатыр. Салдарынан экожүйенің тепе-теңдігі бұзылып, бұл аумақ батпаққа айналуда.

Кесу шараларынан кейін саябақ аумағында жаз бойы су тұрып қалған. Жиналған су маңдағы үйлердің жертөлелеріне кіруі де ғажап емес.

Татьяна Пономорева, биолог, тәуелсіз сарапшы:

- Ағаштар оталғандықтан жерасты сулары көтеріліп кетті. Өсімдіктер табиғи сүзгі немесе сорғы қызметін атқарған. Енді топырақ қышқылданып, сәйкесінше ауаның ылғалдығы жоғалды. Экологиялық тұрғыдан қауіп төніп тұр деуге болады. Былай жалғаса берсе, су көтеріле береді. Мәселен, Екінші Павлодар шағын ауданы судың астында.

Сол себепті Павлодардың ағаш қорын шұғыл сауықтыру қажет. Өңірде 20-ға жуық ағаш түрін өсіретін тәлімбақ бар. Яғни ресурс жеткілікті. Жыл сайын ағаш отырғызуға 2,5 мыңнан астам өскін әзірленеді. Ғылыми қолдаудың жоқтығы ғана қолбайлау.

Мұрат Өңгербаев, тәлімбақтың ағаш отырғызу жөніндегі шебері:

- Шыршамыз нәзік, бала сияқты. Оған ұқып керек. Оның жан-жақты өсуіне. Бірінші бес жылда, міне, бесжылдықтар, кішкентай. Сосын суарып, неше түрлі витаминдер құйып өсіреміз.

2018 жыл Ертіс өңірінде «Экология жылы» болып жарияланды. Алдағы уақытта Павлодар қаласының айналасында 800 гектарлық жасыл белдеу құрылады. Десе де, бұл бағыттағы жұмыс кешеуілдеген.

Талғат Жұмабайұлы, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:

- Себебі орман тұқымбағы болған жоқ. Орман тұқымбағы екпе материладарын өсіретін. Жалпы біздің облыста «Ертіс орманы», Баянауыл ауданында ғана бар. Қалған аудандарда жоқ. Сол себепті жұмыс кешіңкіреп қалды. Болашақта облыс әкімдігі қолдайын деп отыр. Шешілген жағдайда барлық аумақты қамтимыз.

Бір жылға шақталған орман тұқымбағы жобасын жүзеге асыруға 236 млн теңге бөлінген. Екпе материалдары дайын болған соң «жасыл белдеу» құру жұмыстары басталады. 

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Алексей Омельницкий

Осы категория бойынша: « Таразда заңсыз сақталған қару-жарақты қабылдау шарасы аяқталды Оралда сабантой мерекесі атап өтіліп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы