364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында кеспе өндірісі артады

  • 192
  • UPD: 21:14, 08.09.2018
Түркістан облысында кеспе өндірісі артады

Сингапурлық инвесторлар Түркістан облысындағы зауыттың қуатын арттыруға 15 миллион доллар қаржы бөледі.

Мұнда демде дайын болатын отандық кеспе өндіріледі. Қазір бұл кәсіпорында 22 адам жұмыс істейді. Ал инвестиция құйылса, зауытта еңбек ететін қызметкерлер қатары 150 адамға көбейеді. Халықаралық талапқа сай келетін сапалы өнімдер шығарылып, кәсіпорын аумағында тамақ өнімдерін шығаратын цех ашылады.     

Бриж Лодха, сингапур компаниясының өкілі:

- Қазақстан – Орталық Азияда инвестиция салуға ең қолайлы ел. Сіздерде жақсы шикізат көзі саналатын сапалы ұн бар. Біз үшін өнімді Қазақстанда өндіріп, оны сыртқа экспорттау тиімді.

Осы категория бойынша: « «Денсаулық фестивалі-2018»: түркістандықтарға тегін медициналық көмек көрсетілді БҚО мен Татарстан арасында сауда айналымы 200 млн долларға жетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы