367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Медиация туралы заңға толықтырулар енгізіледі

  • 221
  • UPD: 22:04, 08.09.2018

Медиация саласы біздің елде қандай бағытта дамуы тиіс?

Тек қазақ еліне тән медиация моделін ойлап табу қажет пе? Бұл мәселелер Атырауда өткен «Дауласушылықты төмендетудегі және қоғам арасында құқықтық мәдениетті арттырудағы медиация рәсімінің рөлі» атты жиында талқыланды. Басқосуға Парламент Сенатының констиутциялық заңнама, сот жүйесі, құқық қорғау органдары комитетінің өкілдері барып қатысты.   

Елімізде «Медиация туралы» заң жобасы 2011 жылы қабылданған болатын. Бірақ бұл заңнама бүгінгі заман талабына сай толықтырулы тиіс. Осыған байланысты қоғамымызда медиацияның маңыздылығын артырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру қажетілігі туындап отыр. Болашақ заң жобасының негізі осындай мәселелерді де қамтитын болады.  

Владимир Волков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Еліміздегі әрбір заң ең алдымен азаматтардың қалыпты өмір сүруі үшін қабылданады. Көпшілік медиацияның пайдасын біле бермейді. Сондықтан бәріміз жабылып түсіндіру-ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуіміз қажет. 

Сенаторлар медиацияны кең ауқымда әрі міндетті түрде қолданысқа енгізуді ұсынып отыр. Бұл азаматтық істерге де, қылмыстық істерге де қатысты болмақ. Неке және отбасы, мұрагерлік, еңбек, көрші-көлем және жерге қатысты дау-дамайлардың барлығына қолданылады. Сондай-ақ жеңіл қылмыстар да осы тізімнің ішіне кіреді.   

Леонид Прокопенко, Қазақстан Халқы Ассамблеясын төрағасының орынбасары: 

- Менің ойымша, медиацияның қазақстандық моделін ойлап табатын уақыт жетті. Қоғамдық медиаторлар мен қоса ассамблея мүшелері де бұл іске жұмыла кірісетін болады. Бұл елімізде бейбітшілік пен ынтымақтастықтың қалыптасуын қамтамасыз ететін болады.    

Жиын соңында сенаторлар болашақта медиация саласында қолданысқа енгізілетін ұсыныстарды қорытындылады. Бұл құжаттар енді Үкіметке жолданатын болады.   

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Матенов, Жандос Рахметуллин

Осы категория бойынша: « Семейде жыл басынан бері ЖКО салдарынан екі жеткіншек көз жұмған Кенді Алтайдың орталығына 298 жыл толды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы