369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жылу маусымына дайындық қалай жүруде?

  • 183
  • UPD: 11:25, 09.09.2018

Көкшетауда биыл жылу желілерін жөндеуге 249 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Бұл қаражатқа 1 шақырымнан астам құбыр жаңартылды. Бұдан бөлек, жылу қазандықтарына да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Көкшетауда жылу желілерінің жалпы ұзындығы 179 шақырымнан асады. Өкінішке орай, солардың жартысына жуығы ескірген. Дегенмен мамандар «оларды жыл сайын біртіндеп ауыстырып жатырмыз», – дейді.

Данияр Ақыбаев, коммуналдық мекеменің бас инженері:

– Бұл бағытта жұмыс істейтін бізде арнайы өндірістік-техникалық бөлім бар. Олар жыл сайын желілерді тексеріп, ескіргендерін жоспарға қосады. Бірақ жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болғандықтан, бір жағын ауыстырып болғанша, бірнеше жылдан кейін тағы басқа біраз бөлігі ескіріп қалады. Дегенмен барлығы бақылауда.

Қазір қаланы жылумен қамтамасыз ететін 3 ірі қазандық бар. Одан бөлек, шаһар іргесіндегі Красный Яр және Станционный кенттерінде де дербес қазандықтар орналасқан. Биыл олардың барлығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Яғни жылу маусымына толық дайын. Тек отын болса болғаны.

Вячеслав Еньков, коммуналдық мекеменің бөлім жетекшісі:

– Отын қорына келер болсақ, бізге жақында 45 мың тонна көмір келеді. Бұл шамамен 20 күнге жетеді. Көмір жеткізетін компаниямен арнайы кесте жасалған. Одан кейінгілері сол кесте бойынша әкелініп отырады. Сондықтан көмірмен биыл мәселе болмайды деп айта аламыз.

Бүгінде Көкшетау қаласында аталған қазандықтардан жылу алып отырған 873 тұрғын үй мен 200-ден астам әлеуметтік нысан бар. «Олардың барлығы да жылу маусымына толық дайын», - дейді мамандар. Күн қатты салқындап жатса, 15 қыркүйектен бастап жылу беріле бастайды. Ал жалпы Көкшетаудағы жылу маусымы былтыр бекітілген жаңа ережеге сай 28 қыркүйектен бастап 30 сәуірге дейін жалғасады.  

Дамир Берікұлы, damir130788@twitter.com

– Бәрі жақсы. Бірақ соңғы жылдары Көкшетауда көпқабатты үйлердің саны көбейіп келеді. Бұл әлбетте, қосымша жылуды талап етеді. Сондықтан қазір қала билігінің алдында жаңа төртінші жылу қазандығын салу міндеті тұр. Алайда оның нақты қашан іске қосылары белгісіз. Тек бір белгілісі, оған қыруар қажет. Қазір қазандықтың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр екен. Ал ол іске қосылса, жаңа «Сарыарқа» шағын ауданын толық қаматамасыз етуге жетеді.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Осы категория бойынша: « Маңғыстау облысындағы мектептерде өлкетану пәні оқытыла бастады Астаналықтар отбасын кеш құратын болған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы